НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде - Sputnik. Сейсенбіде көптеген өңірде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Тек елдің батысы мен шығысында жаңбыр, найзағай, жел, тұман болады.
Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжануда. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 ыстық.
Шымкентте аздаған бұлт болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы болады.
Өңірлердегі ауа райы
Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық. Бұл өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.