Өңірлер

Петропавлда ұры зағип жанды тапа-тал түсте тонап кетті

Күдікті қамауға алынды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Петропавл қаласында ұры көзі көрмейтін қарияны тапа-тал түсте тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 73 жастағы қала тұрғыны арызданды. Күндіз сағат 16:15 шамасында белгісіз біреу артынан келіп, сөмкесін жұлып алған. Ішінде ұялы телефон мен флеш-карта болған. Қарияның көзі көрмегендіктен, қылмыскерді сипаттап бере алмады. Полицейлер күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен ұстап алды.

"Ол келесі күні азық-түлік дүкенінің кассасынан 250 мың теңге ұрлап кеткен. Осы әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. 39 жастағы қала тұрғыны бұрын осы сияқты қылмыс жасағаны үшін сотты болған", - дейді полицейлер.

Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") және 188-бабы 3-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті қамауға алынды. Дүкеннен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.
Ал тоналған зейнеткердің сөмкесі мен ұялы телефоны қайтарылды.
Оқиға
Полицей киімін киген тараздық жігіт көшедегі адамдарды тонады