Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 10 автобустың бағдары өзгерді

16 шілде күні Мәңгілік ел даңғылынан Бауыржан Момышұлына дейінгі көпір де бір айға жөндеуге жабылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 10 автобустың бағыт-бағдары өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation компаниясына сілтеме жасап.
Бұған дейін қаладағы негізгі көшелердің бірінде жөндеу жұмыстары басталған болатын. Осыған байланысты ондаған бағдардың бағыты өзгерді.
"Мәңгілік ел даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 15, 15А, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 61, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, 16 шілде күні Мәңгілік ел даңғылынан Бауыржан Момышұлына дейінгі көпір де бір айға жөндеуге жабылды.