Өңірлер

Ақтаулық әйел көзінің астына әйнек сынығы кіргенін 25 жыл бойы білмеген

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Ақтауда дәрігерлер әйелдің бетінен әйнек сынығын алып шықты. Пациент көзінің астына шыны кіргенін 25 жыл бойы білмеген, деп хабарлайды Lada.kz.
Қазақстандық 1997 жылы жол апатына түскен.
"1997 жылы әйел жол апатына ұшыраған, сөйтіп бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Есін жиған соң, қалыпты өміріне оралған. Бірақ көзі деформацияланып, көз айналасында үлкен тыртық қалған. Артынша көп ұзамай пациенттің күн сайын көзі жасаурап, көзінің асты үнемі ауырған, басқа да симптомдар маза бермеген", - деп мәлімдеді клиникадағылар.
Әйел осы уақыт ішінде әртүрлі маманға қаралған, бірақ одан еш нәтиже шықпапты.
Араға 25 жыл салып Ақтаудағы жекеменшік клиникалардың бірі пациенттің бетінде 5 миллиметрлік шыны барын анықтады. Дәрігерлер әйелдің көзінің астынан әйнек сынығын алып шықты.