Камчаткада ресейлік биатлонист мінген тікұшақ іздестіріліп жатыр

Тікұшақ сенбі күні жоғалып кетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Камчаткада байланысқа шықпаған Robinson түкұшағы іздестіріліп жатыр. Оның бортында екі-үш адам болған, деп хабарлайды РИА Новости.
Мәлім болғандай, түкұшақ пилоты - ресейлік биатлонист Игорь Малиновский.
Тікұшақ сенбі күні жоғалып кетті.
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, тікұшақ Мильково ауылындағы Узон жанартауына бағыт алған.
Іздеу жұмыстарына Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды.