НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. "Asar joly" қайырымдылық марафоны елордада "Қазанат" атшабарындағы этно ауылда құрылтай форматында бастау алды. Ұйымдастырушылар асар дәстүрін қайта жаңғыртуды өз міндеттері санайды.
Asar joly марафонына қатысушылар көпбалалы отбасыларға және қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созу үшін 20 мың шақырым жол жүріп, Қазақстанның барлық аймағын аралайды.
"Мұндай жобаларды қолдау – менің тікелей міндетім. "Asar joly" жобасына еліміздегі әкімдіктердің барлығы көмектеседі. Өткенде соған байланысты арнайы отырыс өткіздік, әкімдермен келістім. Бұл – кірістерді көбейту бағытындағы бір ғана үлкен жоба. Осындай жобаларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қолдайық", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, марафон "Asar Ume" қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асып отыр. "Asar Ume" – тұрмыстық жағдайы төмен және қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға жәрдем қолын созатын, жастарды жұмысқа орналастыруға, оқуға, бизнеспен айналысуға көмектесетін қоғамдық қор.
Толығырақ видеодан көре аласыздар.