АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Ақтауда теңізде сапборд мінген алты адамды толқын алып кетті, деп жазды Lada.kz.
15 шілдеде кешке Приморский тұрғын алабына қарама-қарсы бетте сапбордпен теңізге шыққан үш адамды толқын алып кеткен. Олардың екеуі 1991 жылы туған, үшіншісі 1993 жылы туған. Үшеуі де құтқарылды.
Сол кеште 1А шағын ауданында сапборд мінген тағы үш адам құтқарылды. Олар 1975, 2004 және 2008 жылы туған. Дәрігерлер оларға алғашқы көмек көрсетті.
Үшінші құтқару операциясы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында болды. Жағадан алыс жерде 1987 және 1988 жылы туған екі адамды ағын алып кеткен. Олар үрлемелі қайықпен жүзген. Құтқарылған ер адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.