Әлем

"Роскосмос" басшысы ауысты

Рогозин "Роскосмостың" бас директоры қызметін 2018 жылдың мамырынан бері атқарды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Дмитрий Рогозин "Роскосмос" басшысы қызметінен босатылды. Тиісті бұйрық Кремльдің сайтында жарияланды.
Юрий Борисов "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының жаңа бас директоры болып тағайындалды. Ол Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Рогозин "Роскосмостың" бас директоры қызметін 2018 жылдың мамырынан бері атқарған болатын.