Коронавирус тамыз айында өршиді – министр

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Коронавирус жұқтыру деңгейі тамыз айында өршиді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Министр алдағы үш айға арналған болжамдар ай сайын жаңартылып отыратынын айтты.
"Пессимистік сценарийде күніне 4 мың науқасқа дейін тіркеледі. Нақты сценарийде – күніне 2,5 мың науқасқа дейін. Оптимистік сценарийде – тәулігіне 1 мың науқасқа дейін", – деді министр.
Сондай-ақ Ажар Ғиният инфекцияны жұқтырғандардың саны тамыз айында өсетінін баяндады. Ал тамыз айының соңында және қыркүйек айында төмендейді.
Коронавирус жұқтырғандардың саны көбейіп жатыр