Саны аз этнос өкілдері фотожобаға қатыса алады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысында "Қазақстанның саны аз этностары" фотожобасының басталғанын хабарлады.
"Егер сіз саны аз этностың өкілі болсаңыз, (7142) 50-10-30 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе жекеге хат жазыңыз! Еліміздің этникалық әртүрлілігін бірге көрсетейік!" - делінген облыстық ҚХА-ның әлеуметтік желідегі хабарламасында.