НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер проактивті форматта жүргізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Отбасының цифрлық картасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Оған сай әлеуметтік кепілдік түрлерінің барлығы отбасының әл-ауқатына қарай дербестеледі.
"15-ші тамызға дейін халықты әлеуметтік қолдау саласындағы отбасылардың ақпараты өзектендіріледі. 1-ші қыркүйектен бастап жыл соңына дейін берілетін әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік көмектің түрлері пилотты түрде жүргізіледі, 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап проактивті қызмет әлеуметтік қорғау саласы бойынша іске асырылады", - деді министр.
Министрдің айтуынша Цифрлық карта республика халқын түгел қамтиды: 19, 4 миллион адам немесе 6,5 миллион отбасы.