АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. MMAFighting.com сайты барлық салмақ санатындағы аралас жекпе-жек шеберлерінің жаһандық рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.
Басылым рейтингі ММА ұйымымен ғана шектелмейді және әртүрлі лигалардағы (UFC, Bellator, ONE FC және т. б.) жекпе-жек шеберлерін қамтиды. Жартылай орта салмақ дәрежесі туралы табельде UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Шавкат Рахмонов 13-ші орыннан сегізінші орынға көтерілді.
Еске салсақ, маусым айының соңында "Номад" тұншықтыру әдісімен америкалық файтер Нил Мэгниді жеңген еді.
MMAFighting.com сайты жариялаған материалда Шавкат Рахмоновтың UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткені айтылған.
Сондай-ақ басылым осы айда Рахмонов 8-ші орынға, бірден бес позицияға көтерілгенін жазды. Одан бөлек спортшының дауыс беру бюллетеньдерінің бірінде 3-ші орынға ие болғанын және қалған алты позиция бойынша үздік ондықтан көрінгені айтылды.
Орта салмақтағы ММА спортшыларының толық рейтингі:
1.
Камару Усман2.
Колби Ковингтон3.
Хамзат Чимаев4.
Леон Эдвардс5.
Гилберт Бёрнс6.
Белал Мухаммад7.
Ярослав Амосов8.
Шавкат Рахмонов9.
Висенте Луке10.
Шон Брэди11.
Стивен Томпсон12.
Майкл Кьеза13.
Логан Сторли14.
Роберто Солдич15.
Кевин Холланд.