Петропавлда қоныс колониясында жазасын өтеуші сегіз жасар қызды зорлады

Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 14 шілде – Sputnik. Петропавлда қоныс колониясында жазасын өтеуші сегіз жасар қызды зорлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыс прокуратурасының хабарлауынша, 13 шілде күні күндіз Подгора ауданында 8 жасар қыз зорланған.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталып, Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Бұған дейін Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен күдікті қатаң тәртіптегі мекемеден қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырылғаны белгілі болды. Ольшанка ауылына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қылмыстық атқару кодексінің талаптарына сәйкес қара жұмысшы болып жұмысқа орналастырылған.
"Аталған факті бойынша Петропавл полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 4-бөлігі 120-бабы бойынша тергеуді бастады. Іс облыстық прокуратураның ерекше бақылауында болады", - деп атап өтті қадағалау органы.
Сонымен қатар облыс прокуратурасы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне баға береді.