Павлодарда 12 жастағы бала жоғалып кетті

Бір апта бұрын үйінен кетіп қалған жасөспірім әлі табылған жоқ
Sputnik
ПАВЛОДАР, 14 шілде – Sputnik. 12 жастағы баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны "VITA" Павлодар қаласының іздеу жасақтары" қоғамдық бірлестігінің еріктілері әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Хабарламада 8 шілде күні кешкі 20.00 шамасында жасөспірімнің үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі қайтып оралмағаны жазылған. Белгілері:
Бойы – 165 сантиметр;
көк көзді;
жирен шашты;
бетінде сепкілі бар;
арық денелі келген.
Жоғалған уақытта қара күртеше (ветровка), трико және спорттық аяқ киім киіп кеткен.
Павлодарда 12 жастағы бала жоғалды
Еріктілер жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан хабарламада көрсетілген телефондарға хабарласуды сұрайды.