Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көпір өртенді - видео

Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, көпір тірегіндегі электр кабелі жанған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде - Sputnik. Сәрсенбіде елордада Сарайшық көшесіндегі "Арқар" көпірі өртенді.
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, көпір тірегіндегі 40 шаршы метр электр кабелі жанған.
Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және электр желісі компаниясының қызметкерлері сағат 16.27-де оқиға орнына шықты.
Өрт сағат 17.54-те ауыздықталып, сағат 18.05-те сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТЖД.
Қоғам
Нұр-Сұлтанда ер адам көпірден секірмекші болды – видео