НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфляция 2015 жылғы деңгейден асып кеткенін мәлімдеді, деді хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Дегенмен инфляция бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айтуынша, экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.
"Халықаралық институттар Қазақстанның ішкі жалпы өнімі биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар 3,7 пайыз болатынын айтқан еді. Бұл үкімет жұмысының нақты көрсеткіші болып табылады", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.