НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 478,39 теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бір тәулікте шетелдік валюта 2,44 теңгеге қымбаттады. Кеше күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 475,91 теңге болған еді.
Рубль бағамы 8,1 теңгеге дейін көтерілді.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды 476-476,5 теңгеге сатып алып, 479,5-485 теңгеден сатып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуі қалыпты жағдай екенін мәлімдеді.