Өңірлер

Бұқтырма елдің басқа курорттарынан асып кетуі мүмкін – ШҚО әкімі

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Бұқтырма су қоймасын дамыту жоспарын бөлісті.
Айтуынша, Бұқтырманың Алакөл, Бурабай және Қапшағайда демалушыларды өзіне тартып алуға барлық мүмкіндігі бар.
"Біз Алакөлді дамытуға 17 миллиард инвестиция салдық. Енді Бұқтырма жағалауын дамытуға біртіндеп көшеміз. Бізге үш жыл қажет. Сол уақыт ішінде жағалау біздің еліміздің кез келген басқа курорттық жеріне бәсекелес болады. Біз олардан асып кетуіміз де мүмкін", - деді Ахметов.
Өңір басшысы облыста бірегей табиғи ресурстар ғана емес, сонымен қатар елдегі жалғыз пантымен емдеу рәсімі бар екенін атап өтті.
"Бұл біз бүгін бастаған бағыттардың бірі болады және оны әрі қарай жалғастырамыз", - деп мәлімдеді Ахметов.
Айта кетері, Бұқтырма өзені – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ертістің оң саласы. Оның көзі Оңтүстік Алтай жотасының мұздықтарында орналасқан.
Қоғам
Даниал Ахметов басқа әкімдерге қарағанда неге көп жалақы алатынын түсіндірді