Арғы күні Жапонияда елдің экс-премьер Абэні ақтық сапарға шығарып салды, ал кеше британ консерваторлары партияның жаңа көшбасшысын сайлау рәсіміне кірісті, деп жазды РИА Новости.
Борис Джонсонның отставкасы мен Синдзо Абэнің өлтірілуі Батыстың маңызды проблемасын айқындай түсті. Бұл көшбасшылық дағдарысы туралы. Қалыпты тіршілікте жеке тұлғаның рөлі маңызды болса, қазіргідей күрделі кезеңде оның маңызы бірнеше рет еселене түсетіні анық.
Джонсон мен Абэ өз елдерінің ықпалды әрі мықты саясаткерлері болды. Ал Ұлыбритания мен Жапония "Үлкен жетілік" құрамына кіріп қана қоймай, жаһандық деңгейдегі маңызды ойыншылар қатарында тұр.
Абэ бұл уақытта Жапония үкіметін басқармағанмен, билік етуші Либералды-демократиялық партияның ірі фракциясына жетекшілік етті. Бұл Абэні жапон саясатындағы нөмірі бірінші тұлға етіп тұрды. Өз елінің саясатына үлкен ықпал ету үшін Абэге қайтадан билік басына келу қажет емес еді.
Джонсон – ол ең көрнекті әрі ақылды ғана емес, ең өр британ саясаткері болды. Ол Даунинг-стритке әлі қайта оралатыны анық. Әзірше оған еш ықпалсыз, болып жатқан оқиғаларды сырттан бақылауға тура келеді.
Абэні жалғыз "фанатик" өлтірсе, ал Джонсонның отставкаға кетуіне оның үкімет және партия бойынша әріптестерінің наразылығы түрткі болғанмен, бұл екеуінде ұқсас бір факті бар – саясат әліменін қуатты көшбасшылар кетті.
"Джонсонның кетуі мен Абэнің өлімі бәлкім кездейсоқ емес шығар? Өйткені, бұл батыс үстемдігінің дәуірі аяқталғанын білдіретін шығар? 24 ақпанда басталған ресейлік арнайы әскери операция үшін Батыстың Ресейді оқшаулау және жазалау әрекеті оның өзіне залал келтірді", - деп жазылған материалда.
"Үлкен жетілік" елдерінің әрқайсысының өзіндік ішкі саяси қиындықтары бар екені анық. Ал энергетикалық дағдарыс мұны үдете түсті. Бірақ небәрі бес ай өтпей жатып жетекші Батыс елдерінің көпшілігінде билікте қазірдің өзінде өте үлкен мәселелер туындап отыр.
Байден рейтингі 30 процентке дейін төмендеді. Бұл қарашадағы аралық сайлауда демократтардың жеңілетінін анық білдіріп тұр. Эммануэль Макрон президенттік сайлауда жеңіске жеткенімен, парламенттік сайлауда жеңілді – енді оның үкіметі парламенттік көпшілікке сене алмайды.
Италиядағы билік етуші коалицияның бас партиясы екіге бөлінді – "Бес жұлдыздан" сыртқы істер министрі Ди Майо шығып, өзімен бірге тағы алпысқа жуық депутатты алып кетті. Партияның қақ бөлінуіне Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы мәселе себеп болды. Немістердің министрлер кабинетінде де осы мәселеге қатысты дау өршіп тұр. Ал британ билігіндегі дағдарыс Джонсонның отставкаға кетуімен аяқталмайтыны анық.
"Яғни, "Жетіліктегі" барлық елдің үкіметінде жағдай уушығып тұр және Украина үшін күрес бұл мәселеде негізгі рөл атқарды. Енді олар Ресейге қатысты ұстанымын өзгерте ме? Ресейді майдан даласында жеңуге міттеніп, Украинаға қару-жарақ жеткізуді әлі де жалғастыра бере ме? Жоқ, жалғаспайтын секілді. Себебі батыстағы барлық мемлекет бірдей Ресейді жеңуді талап етіп тұрған жоқ. Бұл негізінен англосаксондардың, яғни АҚШ, Ұлыбритания мен Канаданың ұстанымы. Ал құрлықтық Еуропа көшбасшылары – Макрон, Шольц, Драги – сөз жүзінде соғыс пен эскалацияны қоолдамағанмен, іс жүзінде англосаксондар жүргізіп отырған іске араласуға мәжбүр", - деп жазды автор.
Ай сайын Еуропа Украина соғысына мейлінше терең араласып, Ресеймен қарым-қатынасты қысқа мерзімде ғана емес, сонымен қатар орта мерзімді болашақта да қалпына келтіру мүмкіндігінен айырылып жатыр.
Мақалада жазылғандай, Батыста ХІХ және ХХ ғасырларда дағдарыс жылдарында қуатты әрі ыпалды саясаткерлер билік басына келген. Себебі, ол шақта Отанды құтқаратын уақыт туды. Ал қазір еуропалық мемлекеттер деңгейінде де, жалпыеуропалық деңгейде де мұндай көшбасшы жоқ. Батыстағы кәсіби құзырлы көшбасшы Джо Байден әлем саясатынағы жарты ғасырға жуық қызметіне қарамастан,, қазіргі геосаяси ақиқатты қабылдай алмай отыр. Сондықтан Ресей президенті Владимир Путин Си Цзиньпин, Моди, Эрдоған, рахбар Хаменеимен келіссөз жүргізіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылауды жалғастыра береді.