Видео

Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы деректі фильм жарық көрді – видео

Қазақстан президентінің телерадиокешені "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне – 30 жыл" деректі фильмін жариялады.
Sputnik
Деректі фильм Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған.
Фильм кейіпкерлері – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері өз бағыты бойынша қызмет ету ерекшеліктері туралы әңгімелейді.
Фильмде ең алдымен мемлекет қауіпсіздігіне төнген қауіптің алдын алуға бағытталған жұмыстарға ерекше көңіл бөлінген.
2022 жылдың мамырында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды, онда кейбір бөлімшелер мен ведомстволардың жұмысын оңтайландыру көзделген.
Сонымен қатар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығына, азаматтардың әл-ауқатына әрқашан басымдық беріледі.