Қазақстандықтар бүгін сирек кездесетін табиғат құбылысын көреді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар жақын күндері Айдың перигейі мен жұлдыз ағатын мезгілді көре алады.
Айдың перигейі – Ай мен Жердің бір-біріне ең жақын орналасқан нүктесі. 13 шілдеде адамдар осы жылдың ең үлкен перигейін тамашалайды.
Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні қазақстандықтар 2022 жылғы ең жарық және ең үлкен Айды көре алады, өйткені Жердің жалғыз табиғи серігі бізге 357-263 шақырым қашықтықта жақындайды.
Алматы тұрғындары толған айды жергілікті уақыт бойынша 00:38-де көреді, Ай түні бойы жарқырап тұрады. Ал күн шыққанға жақындаған кезде қырағы көздер көк аспандағы Юпитер мен Сатурнды көре алады.
30 шілдеге қараған түні тағы бір таңғажайып табиғат құбылысы болады. Бұл дата жұлдыз ағатын мезгілге тұспа-тұс келеді деп болжанып отыр, біздің планетамыздың тұрғындары сағатына шамамен он алты жұлдызды бақылауға мүмкіндік алады. Астрологтар мұны таң сәріге жақын уақытта көруге кеңес беріп отыр.