НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде - Sputnik. Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ұсталды.
"Оны жемқорлыққа қарсы қызмет шекарашылармен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресеймен арадағы шекараны жалған құжаттар бойынша өтпек болғанда ұстады", - деп хабарлады Антикор.
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.
Нұрлан Мәсімов - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.
Кәрім Мәсімов қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасады деген айыппен қамауда отыр.
Антикор Павлодар облысының бұрынғы полиция басшысы Нұрлан Мәсімовке биыл сәуір айында іздеу жариялаған болатын. Ол туралы ақпарат үшін 12 миллион теңге (25,7 мың доллар) сыйақы ұсынған еді.