Елорда тынысы

Елорда әуежайын жөндеу кезінде билетін қайтарған жолаушыларға айыппұл салынбайды

Жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында 11.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Елорда әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары кезінде әуе билетін қайтарғаны үшін жолаушыларға айыппұл салынбайды. Бұл туралы брифингте "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғазы Жолдасов мәлімдеді.
"Ертеңнен бастап ұшу-қону жолағы жөнделеді. 28 ақпанда біз бұл жайлы әуе компанияларына ескерткенбіз. Жолаушыларға әуе компаниясының билеттерін қайтарғаны үшін айыппұл салынбайды", - деп мәлімдеді ол.
Ол қаладан ұшып шығатын және елордаға келетін 75 рейстің 20-сы өз кестесін ауыстыратынын атап өтті. Қазақстандық әуе компанияларынан бөлек өз кестесін "Өзбек әуе желілері" компаниясы да өзгертеді.