АЛМАТЫ, 13 шілде - Sputnik. Алматы облысында 122 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеді, деп хабарлайды Alatau News.
"Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 оқытушы жалған дипломды пайдаланған. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдағанын көрсеткен", - деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Кінәсін мойындауына және "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңға сәйкес 41 маманға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Олар білім беру мекемелерінен шығарылды.
81 маманға қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.