Алдағы күндері ауа райы ыстық болады

Иран аймағынан келетін жылы ауа массалары елдің бүкіл аумағына дерлік әсер ете бастайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы жоғары болады.
Республиканың солтүстігінде термометр күндіз 30-35 градусты көрсетеді.
Температура жоғарыласа да, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауып өтеді.
15 шілдеден бастап еліміздің батысына, 16 шілдеден солтүстігіне Солтүстік циклон ықпал ете бастайды, бұл ауа температурасын аздап төмендетеді.