Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Запорожье облысын газбен қамту ресейлік газ есебінен қалпына келтірілуі мүмкін

Жергілікті әскери-азаматтық әкімшіліктің басшысы Евгений Балицкий Киев режимі аймаққа газ беруді тоқтатқанын мәлімдеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Алдағы уақытта Запорожье облысын газбен қамтуды Ресейден газ жеткізу арқылы қалпына келтірілуі ықтимал, деп хабарлайды РИА Новости.
"Жағдай күрделі, мәселені жедел шешудің жолдарын іздестіріп жатырмыз. Өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы электр плиталарын жеткізу нұсқаларын қарастырылуда, оларды мұқтаж жандарға таратуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта Киев режиміне тәуелді болмас үшін Ресей Федерациясының газ тасымалдау жүйесіне қосылу мәселесін шешу керек", - деді өңірдегі әскери-азаматтық әкімшіліктің бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов.
Ол мұны орындау үшін газ құбырының құрылысы қажет болатынын айтты.
Оның айтуынша, бүгінде Запорожьенің азат етілген бөлігінде газды тек Бердянскке қана жеткізу мүмкін болып отыр. Бердянскте соғыс қимылдары салдарынан газ құбыры үзіліп, төрт ай бойы көгілдір отын болмаған. Қазір Донецк Халық Республикасының Мариуполь қаласынан тартылған газ құбыры қалпына келтірілді. Бердянскте газ желілеріне жел айдау және тексеру жүріп жатыр.
Бұған дейін Қырым басшысы Сергей Аксенов Херсон және Запорожье облыстары Қырым аумағы арқылы газ және электр қуатын ала алатынын айтқан. Оның айтуынша, Қырым газ тасымалдау жүйесі Херсон бағыты бойынша тәулігіне 3 миллион текше метрге дейін газ өткізуге дайын.
Арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, рубль айналымға енгізілді, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Өңірлер Ресей субъектісіне айналу туралы жоспарын жариялады.