НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Ресей мен Қазақстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты келісімге қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин 17 маусымда Санкт-Петербургте жоғары деңгейде өткен Ресей-Қазақстан келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
"Мемлекет басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және энергетикалық салалардағы нақты жобаларды дәйекті түрде іске асыруға құлшыныс білдірді", - делінген Ресей президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында.