НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қорғайтын вакцинаның саны туралы мәлімет таратты.
Ведомство қазір КВИ-ға қарсы вакцинамен қамту, вакциналардың жарамдылық мерзімдеріне күнделікті негізде мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы 1,6 миллионнан астам вакцина қалды, оның ішінде QazVac – 354 мың, Sinopharm – 1,2 млн, Pfizer – 123 мың доза", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Қазақстанға.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары қаланың кейбір емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина жоқ деп жазды. Алайда денсаулық сақтау министрлігі республиканың ең үлкен мегаполисінде вакцина тапшылығы жоқ екенін атап өтті.
Қазір Алматыда QazVac – 56 564 доза, Vero Cell – 183 548 және Pfizer – 12 504 доза бар.
Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармаларының сұранысы бойынша күн сайын өңірлерге коронавирусқа қарсы вакциналар жеткізіледі.
Айта кетері, 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда вакцинаның екі дозасын 9 316 066 адам алды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 науқас тіркелді.