Қоғам

Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі бостандыққа шығады

Кәсіпкер 2016 жылы бұрынғы әйелі – белгілі актриса әрі продюсерге қастандық жасады деп айыпталып, 9 жылға сотталған болатын
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Қапшағай қалалық соты Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.
Отырыста прокурор, істі болған Есентаев және оның адвокаты өтінішті қолдауды сұрады.
Хабарламада айтылғандай, жәбірленуші бұрынғы күйеуін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келіскен.
"Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға келісті. Есентаев жазасының жартысын өтеген, яғни 6 жыл 1 ай 2 күн. Мінез-құлқы үшінші оң дәрежеде. Жасалған қылмыстың қоғамға қаупін түсінген және жасаған ісіне өкінеді", - деп хабарлады Алматы облыстық сотында.
Сот үкімі бойынша 756 269 теңге сомасындағы процессуалдық шығындар ерікті түрде өтелді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Өңірлер
"Қатты алаңдап отырмын": Баян Алагөзова облыс әкіміне видео үндеу жасады