НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында білім беру саласында 171 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылды.
Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы аясында бөлінген 171 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты – колледждер мен жоғары оқу орындарын сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті маман даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу", - деп мәлімдеді агенттік.
Қазір қылмыстық іс аясында бірқатар жедел тергеу шаралары, соның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.