Қазақстан мемлекеттік шекарадағы 12 автомобиль өткізу бекетін ашады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ресей және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
2022 жылдың 12 шілдесінен бастап мынадай автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы қайта басталады:
Ресей Федерациясымен шекара арқылы (Қондыбай, Ақбалшық, Қызылжар, Найза, Жезкент, Байтанат, Қоянбай, Орда, Шаған, Қарашатау);
Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы (Целинный және Сырдария).
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында азаматтарға уақытылы вакцинациядан және ревакцинациядан өтуді ұсынды.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылды