Спорт

Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясы ұсынған сыйақыдан бас тартты.
Спортшы жеңіп алған ақшасын қайырымдылыққа бергісі келеді. Бұл туралы Матч ТВ-ға федерацияның вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.
"Біз Еленаны қаржылай ынталандырғымыз келген, бірақ ол бас тартты. Оның үстіне ол жүлдесінің бір бөлігін Қазақстанда юниорларды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсағысы келеді", - деді Польский.
Еске салсақ, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.
23 жастағы Елена Уимблдон тарихындағы ең жас жеңімпаз атанды.
Теннисші Уимблдондағы жеңісі үшін 2 млн фунт стерлинг (1,1 млрд теңге) алды.