Өңірлер

Қарағанды облысында нөсер жауын салдарынан аулалар мен үйлерді су басты

Көліктер суда қалған, ұсақ малдың да суға кету қаупі бар
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Қарағанды облысында нөсер жауын салдарынан Осакаров ауданы Сенокосное ауылының аулалары мен үйлерін су басады.
Мамандар ауылға суды сору техникасымен барды, деп хабарлайды @patriot_patriot.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны болған.
"Халыққа көмек көрсету үшін Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің күштері су айдау техникасымен жерге жіберілді", - деп атап өтті ведомствода.
Алматы облысында жауын салдарынан Көлсайға баратын жолды су басты