Өңірлер

Қарағандыда мектеп шатыры құлады

Қалалық білім бөлімі ғимарат 60 жыл бұрын салынғанын айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Қарағандыда №50 орта мектептің шатыры құлап, спортзалдың ішіне тақталар мен бағандар құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды.
Қалалық білім бөлімі ғимарат 60 жыл бұрын салынғанын айтты, деп жазады "Патриот Караганды".
Спортзалдың ішінде екі апта бойы құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қабырғаларды бояп, төбені ағартады және еденді ауыстырады.
"Мектеп ғимаратында апат белгілері болған жоқ. Қабырғалардың деформациясы, іргетастың шөгуі болған жоқ", - деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.
Өңірлер
Қарағанды облысында нөсер жауын салдарынан аулалар мен үйлерді су басты