НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Дүйсенбі таңғы сағат 7-де Мариуполь қаласының маңындағы теміржол бекетінен Вольноваха қаласына алғашқы тұрақты жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
Пойыз құрамы 200 адамға дейін сыятын екі жолаушылар вагонын қамтиды.
"Жолаушылар саны артса, вагондарды да ұлғайтамыз. Пойыз 2 сағат 44 минутта жүреді. Ол 4 ірі түйіспе станциясы мен 19 аялдамадан өтеді. Жолда кедесетін елді мекендердің барлығы қамтылды, олардың платформалары пойыз қабылдауға дайын", - деді Донецк темір жолының бас директоры Олег Колеватых.
Мариупольмен жолаушылар теміржол қатынасы қалпына келтірілді.