НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Мариупольде заманауи тұрғын үйлердің құрылысына қажетті газ блоктарын шығаратын зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
"Зауыттың өнімділігі 12 сағаттық жұмыс кезінде шамамен 300 текше метр дайын өнімді құрайды. 12 бес қабатты үйден тұратын бір тұрғын үй кешенін салу үшін жалпы 7 мың текше метр бетонды газ блоктары қажет", - деді инженер Александр Гудко.
Зауыт Мира даңғылы мен Куприн көшесінің қиылысында, Ресей қорғаныс министрлігі салып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан.
Айта кетері, Ресей қорғаныс министрлігінің құрылыс департаментінің өкілдері Мариупольде салынған алғашқы пәтерді көрсетті.
Бес кіреберісті тұрғын үйде барлығы бір, екі және үш бөлмелі 85 пәтер болады.
Құрылыстың бірінші кезеңінде жалпы 1 011 пәтер болатын осындай 12 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл кешенде 2,5 мыңға жуық тұрғынды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.