НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Соған қарамастан елдің батысы мен оңтүстік-батысында сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде күн жылынған сайын ауа массалары тұрақсыз болады. Соның әсерінен жауын-шашын түседі: 12-13 шілдеде елдің орталығы мен шығысында найзағай жарқырап, қатты жел соғып, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.
Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ауа температурасы күндіз батыста +34+42°С, оңтүстік-батыста + 40+45°С, солтүстік-батыста +28+35°С-тан +30+40°с-қа дейін көтерілсе, солтүстікте +25+33°С-тан +22+30-ға дейін ауытқиды.
Орталықта +22+30°С, шығыста +22+32°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді, оңтүстікте +29+37°С-тан +32+40°с-қа дейін, елдің оңтүстік-шығысында + 22+32°С-тан +25+35°С-қа дейін жоғарылайды.