Қорқынышты дыбыс жолаушылап кетіп бара жатқан адамдардың назарын аударған. Олар дыбыс шыққан жаққа қарай жүріп, қызықты көріністің куәсі болған: қатты желден кәріз люгінің қақпағы әуеге көтеріліп, ауа ағыны бәсеңдеген кезде төмен түсіп, тарсылдай берген.
Куәгерлер бұл көрініске, әсіресе желдің екпініне қатты таңырқаған.
"Жаңа ғана нөсер жаңбыр жауып өтті, ал тарсылдаған дыбыс тоқтаған жоқ. Біз барлауға шығып, мынандай қызықты жағдайға тап болдық", - деп жазылған ролик сипаттамасында.
Алайда ол жерде біреу "торуылдап" отырған жоқ па деген ой келеді. Себебі кәріз люгінің қақпағы өте ауыр болады. Ал видеодан жел екпіні адамдарға анау айтқандай кедергі келтірмегені, еркін жүріп бара жатқаны байқалады.
Сондықтан мұндай оғаш "концертті" кім қойғаны әзірге жұмбақ болып тұр.