НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Шымкентте қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары ұсталды туралы ақпарат пайда болды.
Кейбір деректерге қарағанда, ол қарамағындағы қызметкерлерден пара бопсалады және алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды жергілікті "Отырар" басылымы.
Күдікті ұсталып, Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шенеуніктің ұсталғаны туралы жаңалық әзірге ресми ақпарат көздерінде жоқ. Істің мән-жайы анықталып жатыр.