Денсаулық

Қазақстанда тағы 477 адам вирус жұқтырды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 477 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Коронавирус жұқтырғандар күн сайын көбейіп барады. Бір күн бұрын коронавирус 416 адамнан табылған болатын.
Өңірлер арасында:
Нұр-Сұлтан қаласында - 120,
Алматы қаласында - 165,
Шымкент қаласында – 44,
Ақмола облысында – 14,
Алматы облысында - 40,
Шығыс Қазақстан облысында - 1,
Жамбыл облысында - 17,
Батыс Қазақстан облысында - 4,
Қарағанды облысында - 34,
Қостанай облысында - 7,
Қызылорда облысында - 9,
Маңғыстау облысында - 5,
Павлодар облысында - 5,
Солтүстік Қазақстан облысында - 5,
Түркістан облысында - 7.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 434 адамға жетті.
10 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 510 адам коронавирус инфекциясынан (–2 449+ және 61 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 291 пациент стационарда, 2 219 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандар арасында 14 адамның жағдайы ауыр.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы 9 315 730 адам вакцина салдырды.