НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Беларусь арасында әскери білім саласындағы ынтымақтастық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.
Мессенджер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың суреті тарады. Алайда ҚР қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Беларусь Республикасымен әскери білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, материалдар ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді", – деп мәлімдеді ведомство.
Қорғаныс министрлігі тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.