Олимпиада жүлдегері Бүкіләлемдік ойындарда алтын жеңіп алды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Софья Берульцева Бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы атанды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Бүкіләлемдік ойындар АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтті.
Қазақстандық каратэші 68 келіден жоғары салмақта алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда испаниялық Мария Торрес Гарсияны жеңді.
Еске салсақ, 2021 жылдың қараша айында Берульцева каратэден әлем чемпионатында 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.