Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Антрацитте Ресей паспортын беретін пункт ашылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Антрацит қаласында Ресей паспортын беретін орын ашылды, бұл ЛХР аумағындағы екінші пункт, деп хабарлады РИА Новости.
"Республикада Ресей паспортын беретін екінші пункт Антрацит қаласында ашылды. Жақын арада Луганск Халық Республикасының аумағында тағы екі пункт ашу жоспарланып отыр", - деп жазды ЛХР үкіметі өзінің Telegram-каналында.
Айта кетсек, Ресей паспортын беретін алғашқы пункт Луганскіде 1 шілдеде ашылды.