Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген сілеусінді видеоға түсіріп алды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Алматы қорығында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусінін видеоға түсіріп алды.
Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің ақпараты бойынша, қорық аумағында мұндай 15-ке жуық сілеусін мекендейді.
Қызыл кітапқа енген жыртқыш тек Орталық Азияда кездеседі. Бұл аң орманды жерлерде ғана емес, ағашсыз тауларда да тіршілік етеді.
Қазақстанның оңтүстігінде сілеусін негізінен таулардың ортаңғы белдеуін, қара қылқан жапырақты орманның жоғарғы шекарасына дейін мекендейді.
Ғалымдардың пікірінше, бұл мысық тұқымдасына жататын аң аз зерттелген.