НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Днепропетровск облысының Зеленодольск ауданында Ресей әскери-ғарыш күштерінің дәлдігі жоғары қарумен "Торнадо" батальонының уақытша орналасу пунктіне соққы жасады.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 40-тан астам жауынгер және 10-ға жуық қару-жарақ пен әскери техника жойылды.
2014 жылдан кейін осы батальон жауынгерлері Мариуполь, Марьинка және Пески қалаларында ісін жүзеге асырған. Кейін белгілі болғандай, 2014-2015 жылдары Торнадо жауынгерлері Лисичанск қаласындағы мектептің жертөлесінде адам азаптаған.
Кейіннен Киевтегі билікті осы батальон жауынгерлерінің әрекетіне көз жұмып қарай алмады.
"Торнадоның" жетекшілері қамауға алынып, әртүрлі мерзімге – 5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Алайда, Ресей мен Украина арасындағы жағдай ушыққан кезде олар түрмеден босатылды.