НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде - Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонда үш сетте әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді: 3:6, 6:2, 6:2.
Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.
Финалда ол Тунистен келген әлемнің екінші ракеткасы Онс Жабермен кездесті
© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZON
Елена Рыбакина 23 жаста, 2018 жылдан бастап Қазақстан құрамасының өкілі.
2021 жылы Францияның ашық чемпионатында Үлкен дулыға турниріндегі алғашқы үлкен жетістікке жетті. Онда ол Серена Уильямсты жеңіп, ширек финалға шықты.
2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында медальге өте жақын болды. Бірақ тек төртінші орынды иеленді. Уимблдонда Қазақстан құрамасы үшін тарихи табысқа қол жеткізді.