Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украинада дәлдігі жоғары артиллериялық снарядтарды қолданып жатыр

Sputnik
Қазіргі заманғы әскери қақтығыстар бірте-бірте жоғары технологиялық сипат алып жатыр, әл оқ-дәрінің жоғары дәлдігі артуда. Украинадағы арнайы әскери операция ресейлік артиллерия қарсыластың позициялары мен нысандарына түзетілетін "Краснополь", "Китолов" және "Грань" оқ-дәрілерімен тиімді соққа жасап жжатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей Федерациясының Қарулы күштері Донбастағы әскери іс-қимыл кезінде 30, 13 және 9 километрге ұшатын сәйкесінше "Краснополь", "Китолов" дәлдігі жоғары артиллериялық снарядтар мен "Грань" басқарылатын минасын қолданып жатыр. Күш құрылымдарындағы ақпарат көзі ұсынған мәлімет бойынша, арнайы әскери операция кезінде бұл оқ-дәрі Украина Қарулы күштерінің оқ ату орындары мен броньдалған техникасын мүлт жібермей жою үшін қолданылған негізгі құралға айналды.
РФ қорғаныс министрлігі "Краснополь" оқ-дәрісімен Украина Қарулы күштерінің түрлі әскери нысандарын жоюды бақылау сәтінің видеосымен жиі бөліседі. Видеолардың бірінде өздігінен жүретін натолық DANA артиллериялық қондырғысы тікелей соққыдан ұсақ бөлшектерге шашырап кетеді. Дәлдігі жоғары соққы тұрақты түрде қоғам назарына ұсынылып жатқан жоқ, бірақ қарсыласқа күн сайын соққы жасалып жатыр.
"Краснополь", "Китолов" және "Грань" оқ-дәрілері ең тиімді жартылай белсенді лазерлік бағыттау жүйесімен жабдықталған, "Орлан" тектес пилотсыз ұшатын ұшақ бортында орналастырылған оптикалық лазерлік нысана бағыттауышпен бірлесіп жұмыс істейді. Снаряд зақымдайтын нысанаға жақындаған кезде траектория аэродинамикалық рөлдермен түзетіледі. Дәлдігі жоғары оқ-дәріден әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі және радиолокациялық қауіпсіздік құралдарымен қорғану мүмкін емес.
"Excalibur секілді НАТО-дағы аналогтарға қарағанда ресейлік басқарылатын снарядтар 36 километр жылдамдықпен жердегі және су үстіндегі қозғалатын нысандарды қирата алады. GPS сигналдарын пайдалану арқылы спутниктік бағыттау НАТО-ның жоғары дәлдіктегі снарядтарына электронды қарсы әрекет қолдануға мүмкіндік бермейді. Excalibur атқылау кезінде оқ ату позициясын жылдам өзгерте де алмайды", - деп жазды Хроленко.
Жоғары дәлдіктегі жарылғыш-фугасты снарядтарды қолдану технологиясы Ресейдің Сириядағы әскери операциясы кезінде сәтті пысықталды – 2018 жылдың басында "Краснополь" соққысымен содырлар Хмеймим әуе базасына шабуыл жасау үшін пайдаланған ұшқышсыз ұшақ қоймасы қиратылды.
Бұған дейін "Краснополь" НАТО көпұлтты күштері исламшыл содырларға қарсы ресейлік снарядтарды қолданған кезде Ауғанстанда көзге түсті. Таңдау мүмкіндігіне ие болған канадалық зеңбірекшілер 60 километрге дейін ұшатын Excalibur оқ-дәрілерінің орнына ілеуеті әлдеқайда жоғары 155 миллиметр калибрлі "Краснополь" экспорттық техникасына басымдық берді.
Жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілерді пайдалану операция уақытын және тартылатын артиллериялық қондырғылардың санын екі-үш есе қысқартуға және тапсырмаларды орындауға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бір оқпен нысанаға дәл тигізуге "Краснополь" 96 процент кепілдік береді, айналмалы ықтимал ауытқу 2 метрден аспайды.
Есептеу кестелеріне сәйкес, взвод бекініс орнын басу үшін 800 қарапайым артиллериялық снаряд қажет. Ал небәрі 10 "Краснополь" осы көлемдегі оқ-дәріні алмастыра алады. "Краснополь-М2" снарядының жетілдірілген модификациясының зақымдау қашықтығы 30 километрге дейін жетеді, оқтұмсығы 26 килограмды құрайды, жарылғыш зат салмағы 11 килограмға дейін жетеді. Ал америкалық спутниктік ұшуды түзету жүйесі Excalibur тиімділігін 10 метрге дейін ауытқумен 92 проценттен асырмайды. НАТО-дағы аналогтың тағы бір кемшілігі снарядтың тым қымбат бағасы болып отыр. Ол шамамен 70 мың долларды құрайды.
Ресей армиясы дәлдігі жоғары артиллериялық соққы жасау аүшін "Китолов" тобына жататын 122 миллиметр және 120 миллиметр калибрлі жарықшақты-фугасты снарядтарды да қолданып жатыр. Әлдеқайда жжетілдірілген модификация – "Китолов-2М" 13 500 метр қашықтыққа ұшу арқылы броньдалған техника, үдемелі бекініс аудандарын, өткелдер мен көпірлерді, көлік және десант кемелерін (катерлер) қирата алады.
Артиллериялық снарядтардан басқа "Китоловтың" технологиялық базасында КМ-8 "Грань" басқарылатын мина құрастырылған. Ол 120 миллиметрлі минометтерден оқ атуға арналған. Нысананы зақымдаудың ең жоғары қашықтығы – 9 километр. Дегенмен, жоғары дәлдікпен басқарылатын оқ-дәрілердің бүкіл желісі үшін атыс жүктемесін көтере алатын электрониканы дайындау өте қиын болды. Бірақ технологиялық жетілдіру жалғасып жатыр.
Заманауи жоғары дәлдіктегі артиллериялық оқ-дәрілермен нысаналарды жою үшін координаттар әлі де қажет, лазерлік жарық соңғы сәтті снарядтың траекториясын реттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан ұрыс даласында техникалық барлау құралдарының рөлі үнемі өсіп келеді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.