НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Орал – Нұр-Сұлтан рейсі жолаушыларының бірі "Эйр Астана" бортының кешігіп жатқанын айтты.
"Ұшақ сағат 9:40-та ұшып шығуы керек еді. Содан кейін Алматыда келесі рейсіміз бар, шетелге ұшатын адамдар бар. Тіркеу орнына келсем, рейс кейінге шегерілгенін хабарлады", - деді рейс жолаушысы "Мой город" тілшісіне.
"Эйр Астана" АҚ баспасөз қызметі кешігу техникалық себептерге байланысты болғанын хабарлады.
"Орал - Нұр-Сұлтан бағытындағы КС 980 рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Борт ауыстырылды", - деп хабарлады әуе компаниясы.
Бүгін Шымкенттен Нұр-Сұлтанға ұшқан тағы бір Air Astana ұшағының сол жақ қозғалтқышы істен шықты. Ұшақ Шымкент әуежайына қайта қонды.