Оқиға

Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт суға батып кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеде құтқарушыларға Меловые горки маңында екі ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Сүңгуірлер 31 және 19 жастағы ер адамдардың мәйітін тапты.
Суға батқандар ағайынды болған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.