Жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді – 9 шілдеде ауа райы қандай болады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Синоптиктердің болжамы бойынша 9 шілдеде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді.
Республиканың шығысында дауыл соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі.
Республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде батыс антициклоны жылжи бастайды – ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қызылорда облысының батысында, шығысында, Абай облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Қарағандыоблысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 ыстық.